Masters of the Universe

Masters of the Universe

ดาวน์โหลดคำบรรยายKazakh

ข้อมูลรุ่น

Masters of the Universe 2026 AMZN WEB H264-ETHEL
ความคิดเห็นโดย tedi
Retail AMZN | 2:23:54

แท็ก

webdl
เผยแพร่เมื่อ: 2026-07-23
ดาวน์โหลด: 40
ผู้พิการทางการได้ยิน: No

ตัวอย่างคำบรรยาย Kazakh

200 บรรทัดแรก

Неден бастасам екен?

Меніңше, әңгімені шыққан тегім…

кім екенімді айқындайды деп бастау керек шығар.

Этерния - шексіз сұлулық ғаламшары.

Мұнда тек ертегіде кездесетін нәрсенің бәрі бар.

Этернияда мұның бәрі шынайы.

Грифондар, айдаһарлар, сөйлейтін жолбарыстар…

Дуалы ормандар, жанып жатқан шөлдер, қалықтаған аралдар - онда бәрі бар.

Мен шеккен жоқпын, ант етемін.

Сосын онда Грейскалл деген қамал бар.

Бірде әкем Этернияны "ғарыш жүрегі" деп атаған болатын.

Ал Грейскалл - сол жүректің жүрегі.

Олай болса, бұл жүректің жүрегі…

сол жүректің жүрегі - Грейскалл қамалының күші.

Елдің сөзінше, сол күштің арқасында адам Құдайдай құдіретті бола алады.

Ол күшті ерекше заттың ішіне салды.

Ежелгі қылыштың, оны - "Күш қылышы" деп атады.

Иә, білемін, тапқырлықпен берілген атау емес.

Аңыз бойынша, Этернияны қорғау керек болғанда,

осы қылышты ұстайтын батыр пайда болып…

әрі қарай әдеттегідей оны пайдаланады…

кереметтей.

Сол күнге дейін қылыш қамалда сақталды…

Сиқыршының мұқият бақылауының астында…

Өте дана, ежелгі сиқыршының,

шынымды айтайын, біраз қорқынышты, дегенмен өте күшті, шынымен күшті.

Ғасырлар бойы Грейскалл қамалын ата-бабам қорғап келді.

Иә, мен өте керемет қаһармандар әулетінен шыққанмын.

Бекзат, мықты, ержүрек.

Ана, шайқасқым келмейді.

Айналамдағылардың бәрі менен үлкен әрі күшті.

Қозғаушы рефлекстерім нашар.

- Далбаса. Мұны саған кім айтып жүр? - Кринжер.

Бірақ бұл рас. Ол ең кішкентай және әлсіз.

Бір жерін сындырмағанына таңғаламын. Өліп қалмағанына да.

Сонда ханзада жаттығудың орнына не істеуге ниетті?

Білмеймін, жай тынығып, Кринжермен ойнаймын.

Бара бер. Зеріксем, бір орам жіп тауып аламын.

Кішкене қолдап жіберсең қайтер еді.

Шынымен баруым керек пе?

Бар. Дереу.

Тыңдаңдар, Этерностың үздік ұл-қыздары.

Жеңілгендерге ескерткіштер қоймайды,

қорқақтардың құрметіне көше аты берілмейді,

"барынша тырыстым" дегенің үшін марапат берілмейді.

Мына жер, мына сарай, тіпті өздерің де…

осы күнге дейін аман жүргендерің, шайқаста жеңген батырлардың арқасы.

Мен Ұлы мәртебелінің гвардияшысымын, әрдайым жеңіп шығатынмын.

Менің арқамда бәрің осындасыңдар.

Мен ата-аналарыңның өмірін құтқардым.

Көршілеріңнің өмірін құтқардым, көршілеріңнің ата-анасын да.

Жалпы, көп адамды құтқардым. Қысқа қайырсам, сендер үшін шайқастым,

ал енді сендер шайқасасыңдар. Рефлекстерің жылдам, нақтылық мінсіз,

бұлшықеттерің мықты болаттай.

Кім маған айтады,

мынау не?

Бұл таяқ.

Оны сен айтпасаң да көріп тұрмыз.

Тағы кім айтады?

Тила?

Біздің қол.

Жарайсың.

Бұл қолдарың. Сендердің бір бөліктерің.

Жарайды, жұпқа бөлініңдер. Қару алыңдар.

Терілерің көгерген жараға толсын. Жылдам, жылдам.

Мұрындарыңнан қан сорғаласын. Сүт тістерің үгіліп түссін!

Қане, қане. Нық тұр.

- Диан. Менімен бірге… - Шын шайқаста екі рет өліп қалар едің.

- Адам. - Жерге қарама!

Бетінен бір қоюдың алдында оның көзіне қара.

Соққыны қайтар, әйтпесе қатты ұра бастаймын.

Мүмкін, дауды сөзбен шешеміз?

Қане, Адам. Адам. Жай қолыңнан бар келгенін істе, жарай ма?

Жарайды. Тила.

Доспыз деп ойласам.

Дос ретінде істеп жатырмын ғой.

Дункан.

Жас жауынгерлеріміз жайлы не айтасың?

Қабілетті, ыждағатты, сир.

Бәрі ме?

Билеме, Адам.

- Доғар. - Төбелесеміз! Төбелесеміз!

Ол өзін масқаралап жүр.

Оны еркек етіп шығарамын деп уәде бергенмін, уәдемде тұрамын.

Иә, бірақ ендігі мәселе қандай ер болады?

- Адам! - Болды! Беріл!

Міне, қаруын қағып түсірді.

Шын шайқаста ешкім беріле салмайды.

Мен жеңдім! Жеңдім! Жеңдім!

Болды, ақымақтықты қой, Адам.

Ұлым.

Менімен шайқас. Қылышпен.

Көтер.

Бастайық.

Қорған.

Әке.

Әке!

Бұл әлемде әлсіздерге орын жоқ, ұлым.

Иә, әке.

Қайтала.

Бұл әлемде әлсіздерге орын жоқ.

Адам. Түрегел!

Қане.

Сен құладың…

бірақ тұрып, бұрынғыдан мықты бола түстің. Ұқтың ба?

Әлсіздіктен арыл.

Ол бұрылған кезде, сені көреді.

Соққыға төтеп бере алатыныңды көрсетесің.

Қорқып тұрған кішкене баланы көрмейді.

Ол еркекті көреді.

Кімді көреді?

- Еркекті. - Дұрыс. Қара.

Қазір бұрылады.

Бар, серуендеп қайт.

Қойылым аяқталды. Жаттығуға оралыңдар, алға!

- Адам. - Мені қалай таптың?

Артыңнан келдім.

Негізі, мұнда жалғыз болу үшін келдім, сондықтан…

Сквинк болмашы.

Әлсіз болдың деп ойламаймын.

Бүгінгі жаттығу кезінде.

Әкем солай ойлайды.

Мынау не? Сиқыршы ма?

Қайда қарап тұр?

Рандор патша, бізге шабуылдады.

Менде бәрі бақылауда, сир.

Патшалық гвардия мұндайға дайын.

Ант етемін,

сізді және отбасыңызды қорғаймыз.

Сіздерді Грейскаллға өзім жеткіземін. Күзет!

Бәрі жақсы.

Жүріңдер.

Тила. Жүр.

Әке…

қорқып тұрмын.

Бұл сөзді қайдан білесің? Оны мен үйретпедім.

Бәрі жақсы болады, күнім.

Қандай жағдай болмасын, мен жаныңда тұрғанда қорқатын дәнеңе жоқ. Ұқтың ба?

Жүр. Жылдам.

Ал енді жүгіріңдер. Ана жаққа!

Олар тым көп.

Көп әскер бір нәрсені білдіреді.

Жоятын нысана көп.

Жүріңдер, жүріңдер.

Артымнан.

Қазір оңға.

Жай осында күтіңдер.

Әлжуаз дәрменсіз сарбаздар.

Сир, барыңыздар, тоқтамаңыздар.

Жылдам. Оны өзім тоқтатамын.

Жарайды, кел сүзісейік.

Тіленіп тұрсың.

Қалама келуге қалай дәтің жетті? Кім екенімді білесің бе?

Кімсің сонда?

Дунканмын. Патшалық гвардия командирі.

Қару шеберімін.

Бүгін…

Бүгін…

сен жеңілдің.

Әке. Әке.

Мұның не, тұр. Түрегел. Қане. Тұрсаңшы.

Тила.

Мен жеңілдім.

Жүр.

Ұстан.

Бүгін түнде Рандордың билігі аяқталады.

Өз күшіңе сенгенің соншалық, қара көлеңкелерден қорқуды қойдың.

Ол мен едім.

Мен көлеңке болдым.

Ғаламның ең шалғай, ең түнек жамылған бұрыштарында…

жасырындым.

Енді жарыққа шығамын,

өз құлауыңды көру үшін.

Барыңдар. Артқа қарамаңдар.

Адам, қорықпа, ұлым. Сендерді қорғаймын.

Мықты бол. Оларды тежеймін.

- Әке? - Қашыңдар.

Әке!

Маған не істейсің, жын?

Басыңды шауып тастамақпын.

Менімен білгеніңді істе. Этернос ешқашан сенікі болмайды.

Сенің сарайың жай кірпіш пен әйнек.

Тәжің жай ойыншық.

Жоқ, маған жасырын күшің керек.

Ивиллин?

Ивиллин.

Күшті айттыңыз, лорд Скелетор. Жыр дерсің.

Болды, оны алып кетіңдер. Ол енді ешкім емес.

Таң сәріде…

бүкіл Этерния жеңісім жайлы біледі.

- Осымен болды. Мен аяқтадым. - Иә, әрине, тақсыр.

- Жұдырығымды көтерсем - демек аяқтағаным. - Түсінікті.

Бұл шарықтау шегі.

Болашақта ескереміз, тақсыр.

Олар таяп қалды.

Грейскалл құлайды.

Жоқ. Төтеп береді.

Маған қылышты алып кел, балам.

Жылдам. Тездет.

Оны қауіпсіз жерге алып кетуің керек. Бұл жерден өте шалғай жаққа.

ความคิดเห็น

No comments yet. Be the first to leave one.

Keep it about this subtitle — sync, quality, typos.500 characters left